Баяғыда біреудің 2 қызы болыпты. Біреуі көркем мінезді, шебер екен, ал екіншісі мінезі сондай дөрекі, әдепсіздеу екен. Бір күні көрші ауылдан үйлеріне қыз айттырып келеді. Қыздардың әкесі менің екі қызым бар дейді. ӨЗІН ТУҒАНМЕН МІНЕЗІН ТУМАЙСЫҢ деген бір қызымның мінезі нашарлау, қалың малға 1 сиыр берсеңде жарайды, ал екінші қызым биязы, қолынан бал тамған шебер бұл қызыма 3 сиыр сұраймын дейді. Айттырушы: күмәнданып тұрғаным өз қызыңды қалай нашарлау деп айтасың дейді. Сонда әкесі: ҚЫЗДЫҢ СЫРЫ ТӨРКІНІНЕ МӘЛІМ деген құда болайын деп отырмыз бет көрісетін адамсыз....... сондықтан бар шындықты айттым дейді. Айттырушы: жарайды күмәнданба, күмәндансаң ең жаман нұсқасын таңда да сонымен жұмыс жаса деген мен нашарлау қызыңды аламын, бірақ 1 сиыр емес 7 сиыр беремін. "ӘЙЕЛ МЕН ҚАЗАННЫҢ ҚЫМБАТЫН АЛ" деген дейді.
Содан бір жыл күтеді қызды әкеліп тастайтын шығар деп, екі жыл өтіпті жоқ. Содан шыдай алмай өздері барады. Келсе айрандай ұйыған отбасы, қызының бұрынғы шайпау мінезі жоқ. Бұл қалай болғаны дейді таңданып. Қызы: мені өте жоғары бағалады, сіздер олай бағаламаған едіңіздер. 7 сиырдың құнынан төмен болғым келмеді деген екен.😊🤗🤗❤😘💞💞💞💞💞
Қандай керемет десеңізші. Мына оқиғада жаман адамның өзін бағалай білуді, ал сол жаман адам бағалағанды бағалау керектігін жақсы көрсетіпті. Ал біз тіпті жақсылардың өзін бағалай алмай...... жатамыз. Бағалағанды бағалай білу керек. Бір-бірімізді бағалай білейік🤗🤗😘❤😘💞💞💞💞💞💞