№67 «Мүлк» сүресінің қасиеті:
✅«Құранда отыз аяттан тұратын сүре бар. Кім оны оқыса Қияметте оның күнәсі кешірілмейінше шапағат етуін тоқтатпайды. Ол – Мүлк сүресі». (Әбу Дәуіт).
🍀«Мүлк сүресі жамандықтардың алдын алушысы және құтқартушысы. Ол қабір азабынан қорғайды.»
🍁«Мүлк сүресін әр түні оқыған адамнан Хақ та’ала қабір азабын алып тастайды.»
📌«Мүлк сүресін оқымастан жатпа! Өйткені өлетін болсаң, қабірде саған жолдас болады. Әр түні Мүлк сүресін оқыған адам Қадір түнін ғибадатпен өткізгендей сауапқа ие болады.»
🔴«Мен Мүлк сүресінің үмбетімдегі әрбір адамның жүрегінде болуын ұнатамын.»
🔵«Құран кәрімнен отыз аяттық бір сүре бір адамға шапағат етті және нәтижесінде кешірілді. Ол - Мүлк сүресі.»
📕Асхаби кирамнан бірнеше кісі бір жерге шатыр құрған еді. Бұл жерде бір қабірдің бар екенін білмеген еді. Шатыр астында Мүлік сүресінің оқылып жатқаны естілді. Расулуллаһ алейһиссаламға мұны айтқанда, ол:
«Бұл сүре адамды қабір азабынан қорғайды» деді.
📗Абдуллаһ ибн Аббас былай деді:
«Мүлік сүресін оқы! Оны жаттап ал! Бала-шағаңа және көршілеріңе де үйрет. Себебі бұл сүре азаптардан құтқарушы. Оқыған адамға Хақ та’аланың алдында шапағатшы. Егер адам оны жаттап алған болса, Аллаһтан оны тозақтан құтқаруын сұрайды. Аллаһ мұның себебімен әлгі адамды қабір азабынан құтқарады.»
✅Мұхаммед бин Алқами былай деді:
«Әр түні Тәбәрака (Мүлік) сүресін оқығандарға қабір сұрағы сұрамайды.»
🔷Абдуллаһ ибн Мәсуд былай деді:
«Біреу қайтыс болып қабірге түсірілген кезінде азап періштелері мәйіттің басына келеді. Бас оларға: "Оған жоламаңдар, өйткені ол маған Мүлік сүресін оқыды" дейді. Содан соң қарын жағына барып отырады. Ол да: "Оған жоламаңдар. Өйткені ол менде Мүлік сүресін жаттап сақтаған" дейді. Осы себептен бұл сүреге "қабір азабына бөгет" мағынасында "Мания" делінген.»
🔶Абдуллаһ ибн Мәсуд былай деген:
«Кімде-кім, әр түні Мүлік сүресін оқыса, Аллаһу та’ала мұның себебімен ол кісіні қабір азабынан құтқарады.»
__________________________________
№67. Мүлк сүресі (Қазақша мағынасы)
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Сондай бүкіл әкімшілік қолында болған Алла, аса ұлы әрі Ол, әр нәрсеге күші толық жетуші. (1)
Ол сондай Алла, ізгі іс жүзінде қайсыларың жақсы, сынау үшін өліммен тіршілікті жаратқан. Ол, тым үстем, аса жарылқаушы. (2)
Ол сондай Алла, жеті аспанды қабат-қабат жаратқан. Рахманның жаратуында еш мүлтік көре алмайсың. Қайта көз сал. Ешбір ақау көре аласың ба? (3)
Тағы көзіңді екі қайтарып қара. Көзің саған шаршап, талған түрде айналады. (4)
Расында Біз дүние аспанын шамдар (жұлдыздар) мен безедік. Оны шайтандарды атуға жасадық. Сондай-ақ оларға жалындаған азап әзірледік. (5)
Сондай Раббыларына қарсы келгендер үшін тозақ азабы бар. Нендей жаман орын. (6)
Ішіне тасталған сәтте, оның қайнап, күжілдеген дауысын естиді. (7)
Долданғандығынан жарылып кете жаздайды. Қашан оған бір топ (қылмысты) тасталса, оларға оның сақшылары: “Сендерге ескертуші келмеді ме?”,- деп сұрайды. (8)
Олар: “Расында бізге ескертуші келді. Сонда оларды жасынға айналдырдық та Алла сендерге еш нәрсе түсірмеген. Сендер зор адасудасыңдар деп едік” дейді. (9)
“Егер біз тыңдаған немесе ақылға салған болсақ еді, бұл жалындаған тозақтықтардың ішінде болмас едік” дейді. (10)
Сөйтіп, олар күнәларын мойындайды. Ендеше, жалындаған тозақтықтар оңбасын! (11)
Дұрысында сондай Раббыларынан көрмей-ақ қорыққандар, олар үшін жарылқау әрі зор сыйлық бар. (12)
Сөздеріңді жасырсаңдар немесе әшкерелесеңдер де шәксіз Алла, көңілдегіні толық біледі. (13)
Жаратқан білмей ме? Ол тым жұмсақ, әр нәрсені толық білуші. (14)
Ол сондай Алла, сендер үшін жерді көнпіс қылып жаратты. Ендеше оның айналасында жүріңдер. Сондай-ақ Оның ризығынан жеңдер. Және барар жерлерің Сол жақ. (15)
Жер теңселген сәтте аспандағының сендерді жерге жұттыруынан бейбітсіңдер ме? (16)
Немесе көктегінің сендерге тас жаудыруынан қауіпсізсіңдер ме? Ескертуімнің қалай екенін таяуда білесіңдер. (17)
Расында олардан бұрынғылар да жасынға айналдырған еді. Маған қарсы келу қалай екен? (18)
Үстеріндегі қанаттарын жайып, қомдап ұшқан құсты көрмей ме? Оларды Алла ғана тоқтатады. Сөзсіз Ол, әр нәрсені толық көруші. (19)
Сендердің Алладан өзге көмек беретін жасақтарың кім? Кәпірлер алдануда ғана. (20)
Алла ризығын тоқтатса, сендерді қоректендіретін кім? Әрине олар тоң мойындықта, жиреніп қасарысуда. (21)
Етпеттеп жүрген біреу турарақ па? Даңғыл жолда тік жүрген біреу турарақ па? (22)
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Ол сондай Алла, сендер үшін есту, көру және сезуді жаратқан. Сонда да аз шүкір етесіңдер” де. (23)
Оларға: “Ол сондай Алла, сендерді жер жүзіне таратқан және Сол жаққа жиналасыңдар” де. (24)
Олар: “Егер айтқандарың рас болса, осы уәде қашан?”,- дейді. (25)
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Шын мәнінде оның мәліметі Аллаға тән. Мен ашық ескертуші ғанамын” де. (26)
Олар оны жақыннан көрген сәтте, қарсы болғандардың жүздері бұзылып кетеді. Оларға: “Міне осы сендердің тілегендерің” делінеді. (27)
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Көрдіңдер ме? Егер Алла, мені әрі менімен бірге болғандарды жоқ етсе, немесе мәрхамет етсе, сонда кәпірлерді кім күйзелтуші азаптан құтқарады?”,- де. (28)
Оларға: “Ол Алла, аса қамқор. Оған иман келтірдік әрі Оған тәуекел қылдық. Кімнің ашық адасуда екенін таяуда білесіңдер” де. (29)
Оларға: “Көрдіңдер ме? Егер суларың құрып кетсе, сендерге, бір аққан суды кім келтіреді?”,- де. (30)
_________________________________
№67 Мүлк сүресі (Транскрипция)
Бисмилләһир Рахманир Рахиим
(1) тәбәрәкәл ләз̃ии бийәдиһил мулку уәһууә ъалә кулли шәйин қадиир
(2) әлләз̃ии халәқал мәутә уәлхәйәтә лийәблууәкум әййукум әхсәну ъамәлә жим уәһууәл ъазиизул ғафуур
(3) әлләз̃ии халәқа сәбъа сәмәуәтин тибәқан cалә ммә тәрә фии халқир рахмани мин тәфәуутин cалә фәржиъил бәсарә һәл тәрә мин футуур
(4) с̃уммә ржиъил бәсарә кәррәтәйни йәнқалиб иләйкәл бәсару хасиәу уәһууә хәсиир
(5) уәләқад зәййәннәс сәмәәд дунйә бимәсабиихә уәжәъалнәһә ружуумәл лишшәйәтиини cалә уәәътәднә ләһум ъаз̃әбәс сәъиир
(6) уәлилләз̃иинә кәфәруу бираббиһим ъаз̃әбу жәһәннәмә cалә уәбисәл мәсиир
(7) из̃ә улқуу фииһә сәмиъуу ләһә шәһииқау уәһийә тәфуур
(8) тәкәду тәмәййәзу минәл ғайзи cалә кулләмә улқийә фииһә фәужун сәәләһум хазәнәтуһә әләм йә'тикум нәз̃иир
(9) қалуу бәлә қад жәәнә нәз̃иирун фәкәз̃з̃әбнә уәқулнә мә нәззәлаллаһу мин шәйин ин әнтум иллә фии даләлин кәбиир
(10) уәқалуу ләу куннә нәсмәъу әу нәъқилу мә куннә фии әсхәбис сәъиир
(11) фәътәрәфуу биз̃әнбиһим фәсухқал лиәсхәбис сәъиир
(12) иннәл ләз̃иинә йәхшәунә раббәһум билғайби ләһум мәғфирәтуу уәәжрун кәбиир
(13) уәәсирруу қауләкум әуи жһәруу биһи cалә иннәһу ъалиимун биз̃әтис судуур
(14) әлә йәъләму мән халәқа уәһууәл ләтиифул хабиир
(15) һууәл ләз̃ии жәъалә ләкумул әрда з̃әлуулән фәмшуу фии мәнәкибиһә уәкулуу мир ризқиһи cалә уәиләйһин нушуур
(16) әәминтум мән фиис сәмәи әй йәхсифә бикумул әрда фәиз̃ә һийә тәмуур
(17) әм әминтум мән фиис сәмәи әй йурсилә ъаләйкум хәсибән cалә фәсәтәъләмуунә кәйфә нәз̃иир
(18) уәләқад кәз̃з̃әбәл ләз̃иинә мин қаблиһим фәкәйфә кәнә нәкиир
(19) әуәләм йәрәу иләт тайри фәуқаһум саффәтиу уәйәқбидн жим мә йумсикуһуннә илләр рахман жим иннәһу бикулли шәйин бәсиир
(20) әммән һәз̃әл ләз̃ии һууә жундул ләкум йәнсурукум мин дуунир рахман жим инил кәфируунә иллә фии ғуруур
(21) әммән һәз̃әл ләз̃ии йәрзуқукум ин әмсәкә ризқаһ жим бәл ләжжуу фии ъутууиу уәнуфуур
(22) әфәмәй йәмшии мукиббән ъалә уәжһиһи әһдә әммәй йәмшии сәуиййән ъалә сирәтим мустәқиим
(23) қул һууәл ләз̃ии әншәәкум уәжәъалә ләкумус сәмъа уәләбсарә уәләфидәтә cалә қалииләм мә тәшкуруун
(24) қул һууәл ләз̃ии з̃әрәәкум фиил әрди уәиләйһи тухшәруун
(25) уәйәқуулуунә мәтә һәз̃әл уәъду ин кунтум садиқиин
(26) қул иннәмәл ъилму ъиндаллаһи уәиннәмә әнә нәз̃иирум мубиин
(27) фәләммә рәәуһу зулфәтән сииәт уужууһул ләз̃иинә кәфәруу уәқиилә һәз̃әл ләз̃ии кунтум биһи тәддәъуун
(28) қул әрәәйтум ин әһләкәнийаллаһу уәмәм мәъийә әу рәхимәнә фәмәй йужиирул кәфириинә мин ъаз̃әбин әлиим
(29) қул һууәр рахману әмәннә биһи уәъаләйһи тәуәккәлнә cалә фәсәтәъләмуунә мән һууә фии даләлим мубиин
(30) қул әрәәйтум ин әсбәхә мәукум ғаурән фәмәй йә'тиикум бимәим мәъиин.
Мүлк сүресі👉 https://vk.com/club174519118