😍Рецепт Қамырына ✅200гр сары май ✅200гр қаймақ (менде 20%) ✅4жұмыртқаның сарысы (менікі кішілеу болды) ✅1пачка қопсытқыш (разрых) ✅500гр ұн . Салмасына ✅4 жұмыртқаның ағы ✅150гр шекер ✅жаңғақ-300гр ✅мейіз . Сироп ✅3 ас қасық бал ✅4-5 ас қасық су . Жасалуы: ⭕ Ұн мен тоңазытқыштан алынған сары май екеуін араластырып крошка жасаймыз ⭕Үстінен қаймақ+жұмыртқа+разрых араластырып қамыр илейміз. ⭕Қамырды теңдей 3 бөлікке бөліп, тоңазытқышқа 1 сағатқа саламыз ⭕ Жаңғақты пышақпен майдалап турап аламыз. ⭕Жұмыртқаның ағы мен шекерді миксерде араластырып пена жасаймыз . ⭕Табаға пергамент төсейміз. Май жағамыз. Қамырды жайып табаға саламыз. ⭕Бетіне жұмырт.жасалған пенамыздың 1бөлігін құйып, жаңғақты сеуіп шығамыз. ⭕Тағы қамырды жайып бетіне екінші бөлігін саламыз.⭕ 3ші қамырды жайып бетіне жұмыртқаның сарысын жағамыз да, қамырдың бірінші қабатын кесіп, бетін сәндеу үшін жаңғақ қойып шығамыз . ⭕180гр пеште 40мин піседі. Дайын болардан 5-10 мин алдын, пахлаваны толық кесеміз. ⭕Газға бал мен суды араластырып сироп қып пахлаваның бетіне құйып пешке саламыз. Дайын. Өте жұмсақ, ауызда ериді. . ⭕Сосын қамырды жаю қиындау болса пергаменттің бетіне ұн сеуіп соған жайыңыз. Сол оңай😘😘😘 Астарыңыз дәмді болсын!😍💖

Теги других блогов: рецепт пахлава қамырына